Оқиға
1 мин оқу 310

Шекарада қару алып өтпек болған адам ұсталды

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысындағы мемлекеттік шекарада суық қару алып өтпек болған адам ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ол шекарадан телескопиялық таяқ алып өтпекші болған.

- Павлодар облысындағы «Үрлітөбе» автомобильдік өткізу бекетінде телескопиялық таяқты өткізбек болған Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл зат оның спорт сөмкесінде рентген аппаратының көмегімен табылды. Тәртіп бұзушы Ресей Федерациясынан «Омбы – Павлодар» бағытымен келе жатқан. Ол телескопиялық таяқшаның соққылы-жарғыш типті суық қаруға жататынын және оны Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салынғанын білмеген, - деді ҰҚК Шекара қызметінің Павлодар облысы бойынша департаментінің өкілі.

Енді ол ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша жауапкершілікке тартылмақ.

Бөлісу:
Шекарада қару алып өтпек болған адам ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар