Оқиға
1 мин оқу 196

Елордада көпқабатты үйдің терезесіне кран құлады

Нұр-Сұлтан қаласының Сығанақ көшесінде орналасқан тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы пәтердің терезесіне автокранның ілгегі құлды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеодағы оқиғаның шынымен елордада болғанын қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады.

«28 сәуір күні сағат 14.26-да Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының бөлімшелері 4 адам, бір техникадан жасақталған құраммен Сығанақ көшесі 2А мекенжайына шықты.

Оқиға орнына жеткен бойда 6-қабаттағы пәтердің терезесіне автокранның ілгегі құлағаны белгілі болды. Аталған орынға өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің мамандары жіберілді. Зардап шеккендер жоқ.

Толық ақпарат лау үшін өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне хабарласу керек», деп жазылған мәліметте.

Бөлісу:
Елордада көпқабатты үйдің терезесіне кран құлады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар