Аймақтар
2 мин оқу 551

«Ұлттар фестивалінде» студенттер сайысты

<p style="text-align: justify;">Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында өңірдегі студенттік шығармашылық ұжымдар арасында &laquo;Ұлттар фестивалі&raquo; байқауы өтті. Шараға өңірдегі жоғары оқу орындары мен техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының арасынан іріктеліп шыққан сегіз команда қатысты.</p>

«Ұлттар фестивалінде» студенттер сайысты

Қатысушылар байқау ере­жесіне сәйкес еліміздегі этнос өкілдерінің мәдениеті мен өнерін, ұлттық ерекшеліктерін, тұрмыс-тіршілігін сахналады. Ерекше сайысқа қатысушылар үшін ереже бір ай бұрын ақ­парат құралдары мен әлеу­меттік желілерде жариялан­ды. Ең бастысы – «Ұлттар фес­­тиваліне» қатысуға тілек біл­дір­ген оқу орындары үшін қай этностың мәдениетін сахналау тәртібі жеребе бойынша таң­далды. Осылайша сайыс кезін­де студенттердің дайын бағ­дар­ламаларды енгізуіне жол берілген жоқ. Екінші ерек­­шелігі, шығармашылық бәсе­кеге өңірдегі кәсіби өнер ұжым­дары қатыстырылған жоқ. «Ұлттар фестиваліне» кел­ген әр студенттік ұжымның бағ­дар­­ламасы әралуан және маз­мұндық жағынан өте бай, бірін-бірі қайталамағандығын атап өткен жөн. Бұл күні әзербай­жан, өзбек, татар, украин, корей және басқа да диаспоралардың әні шырқалып, биі биленді, түрлі қойылымдар көрсетіліп, әр ұлттың киімдерімен шық­қан студенттер сахна төрін жар­қыратып жіберді.

Сайысқа тыңғылықты әзір­ленген ұжымдардың өнері жұрттың есінде қалды. Мәселен, есту және көру қабілеті бұ­зыл­ған балаларға арналған об­лыстық мектеп-интер­нат ұжы­мы татардың «Сабан­тойы­нан» әдемі көрініс дайындады. Бұл жерде оқушылардың қи­мыл-қозғалысы сондай тартым­ды, шырқаған әндері құ­лақ­қа жағымды және сахна төрін­дегі балалардың қимыл-қоз­ға­лыстары да ерекшеленіп тұр­ды. Армян отбасындағы қалың­дыққа құда түсу рәсімін тамаша сахналаған көріністер де көрерменнің есінде қалды. Ар­мян ұлтының салтында кү­йеу жігіттің шешесі босағаға кел­ген қалыңдыққа өз қолымен үзіп нан ұсынады екен.

Конкурс қорытындысы бойынша өзбек мәдениетін сахналаған Ақтөбе техника-технологиялық колледжі, корей ұлтының ұлттық жоралғыларын көрсеткен Қ.Жұбанов атын­дағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік уни­верситеті және «Сабантой» рәсі­мін сахналаған есту жә­не көру қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық мектеп-интернат ұжымдары үздік деп танылды. Оларға Ақтөбе облысының киелі жерлеріне саяхатқа бару жолдамасы тапсырылды.

Бөлісу:
«Ұлттар фестивалінде» студенттер сайысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар