Елорда
1 мин оқу 216

Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

<p style="text-align: justify;">Бүгін, 29 сәуірде сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін &nbsp;Нұр-Сұлтан қаласында ұрыс жағдайына барынша жақындатыла отырып, лаңкестік актілерге қарсы оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Елорданың Терроризмге қарсы шұғыл штабының мәліметінше, оқу-жаттығу «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Техникалық жолаушылар паркінің аумағында (Шу көшесінің аяқталған тұсы, Әл-Фараби – Қошқарбаев көшелерінің қиылысы) өтеді.

Іс-шара мақсаты – шұғыл штабтың күштері мен құралдарының террористік әрекеттерге дереу жауап қайтару бойынша дайындығын тексеру.

«Оқу-жаттығу түрлі күрделі элементтерді қамти отырып, ұрыс жағдайына барынша жақындатылған. Техникалық жолаушылар паркінің маңайында шектеу шаралары қарастырылған. Осыған байланысты азаматтардан өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және жұмылдырылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар