Ауа райы
1 мин оқу 393

Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

<p style="text-align: justify;">29 сәуір күні республиканың басым аумағында ашық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің тек оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай, дауыл күтіледі. Барлық өңірде жел тұрып, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атап айтқанда, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күндіз желдің екпіні 25 м/с артады. Өңірдің солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында күндіз дауыл күтіледі. Өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында желдің күші 23-28 м/с артады. Ақмола облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Қарағанды облысының оңтүстігінде күндіз желдің екпіні 25 м/с артады. Қостанай облысының солтүстік-батысында желдің күші 23 м/с жетеді. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар