Отаншылдық рухты көтеруге баса мән беруіміз керек – Президент
<p style="text-align: justify;">«Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидатымыз ешқашан өзгермейді. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отыз бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
«Қазір геосаяси ахуал ушығып тұр. Жаңа сын-қатерлер пайда болуда. Мұндай жағдайда еліміздің азаматтық бірегейлігін нығайтып, отаншылдық рухын көтеруге баса мән беруіміз керек. «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидатымыз ешқашан өзгермейді. Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Олардың бойына татулық пен келісім, төзімділік, толеранттылық пен мәдени ықпалдастық құндылықтарын сіңіру айрықша маңызды», деді Президент.