Теннис
1 мин оқу 310

Елена Рыбакина Мадрид турнирін жеңіспен бастады

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина Мадрид WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жүлде қоры 6,5 млн еуродан асатын ірі жарыстың 16-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 93-орында тұрған франциялық Осеан Доденмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Елена екі брейк жасап, айқын басымдылық көрсетті - 6:2. Тартысты өрбіген екінші сет те Рыбакинаның пайдасына шешілді - 7:5. Бір сағат 20 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші 12 эйс жасап, 7 брейк-пойнтттың бесеуін өз есебіне жазды.

Франциялық спортшы 4 эйс, 2 брейкпен шектелді.

Е.Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 51-ракеткасы, чехиялық Катерина Синякова немесе рейтингте 66-сатыдағы хорватиялық Ана Конюхтың біреуімен таласады.

Бөлісу:
Елена Рыбакина Мадрид турнирін жеңіспен бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар