Спорт
1 мин оқу 280

Теннистен жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы тұңғыш рет әлем чемпионатында бақ сынау мүмкіндігіне ие болды деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;тілшісі.</p>

Теннистен жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды

ҚТФ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен Азия/Тынық мұхит аймағы іріктеу турнирінде қазақстандықтар үшінші орынға ие болды. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үшінші орын үшін бәсекеде Таиландпен сынға түсті. Бірінші ұнайды Дамир Жалғасбай әперді. Жас қазақстандық теннисші бірінші партияда 2:6 есебімен есе жіберсе, екінші сетте 1:4 есебімен жеңіліп жатып, таразы басын өзіне аудара білді. Үшінші, шешуші партияда есеп 3:5 болған мезетте таиландтық теннисшінің екі матчболын пайдалануына мүмкіндік берген жоқ. Сосын тағы бір брейк жасап, жеңісті жұлып алды - 7:5. Бұдан кейін Заңғар Нұрланұлы қарсыласын 6:2, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Есеп 2:0, Қазақстанның пайдасында.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғаш рет биыл күзде өтетін әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатысады.

Бөлісу:
Теннистен жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар