Үкімет
1 мин оқу 234

Әлихан Смайылов: Бұл күн – ырысты ынтымағымыздың мерекесі

<p style="text-align: justify;">Премьер-министр Әлихан Смайылов 1 мамыр &ndash; Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p> <p style="text-align: justify;">&nbsp;</p>

Әлихан Смайылов: Бұл күн – ырысты ынтымағымыздың мерекесі

Қымбатты отандастар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Бұл күн баға жетпес байлығымыз — тыныштық пен береке-бірліктің, ырысты ынтымағымыздың мерекесі.

Татулық пен тұрақтылық — мызғымас Тәуелсіздігіміздің негізгі қағидасы.

Қоғамда келісім, жасампаз еңбек және өзара құрмет болған кезде кез-келген қиындықты еңсеруге болады.

Біздің жетістіктеріміз ынтымағы жарасқан ұлттар мен ұлыстардың өзара достығы мен береке-бірлігінің арқасында мүмкін болды.

Баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін!

Бөлісу:
Әлихан Смайылов: Бұл күн – ырысты ынтымағымыздың мерекесі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар