Экономика
1 мин оқу 254

Елімізде алдағы уақытта энергетиктердің еңбекақысы өседі

<p>Энергетика саласы қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру жөнінде бірқатар шара қабылданып жатыр. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p> <p><br />&nbsp;</p>

Елімізде алдағы уақытта энергетиктердің еңбекақысы өседі

«Өткен жылы энергия өндіруші ұйымдар электр қуатын өндіруге шекті тарифті түзету кезінде өндірістік жұмысшылардың жалақысын арттыру бойынша шара қабылдады. Ол бойынша еңбекақыны 15% көбейту көзделген. Сонымен қатар табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясын өндіру тарифінде еңбекақы төлеу қорын жыл сайын 4% өсіру қаралған. Осыған байланысты 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖЭО өндірістік қызметкерлер жалақысының орташа өсімі - шамамен 10%. Сондай-ақ, табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган жылдық статистикаға сүйене отырып, экономикалық қызмет түрлері бойынша өңірлер бөлінісінде өндірістік және әкімшілік-басқару қызметкерлерінің орташа айлық жалақысын айқындау жөніндегі талапты белгілеу бөлігінде тариф қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізу мәселесін қарастырып жатыр», деді министр. 

Бөлісу:
Елімізде алдағы уақытта энергетиктердің еңбекақысы өседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар