Коронавирус
1 мин оқу 380

Коронавирусқа шалдыққан 13 адамның жағдайы ауыр

<p style="text-align: justify;">2 мамырдағы мәлімет бойынша 1 647 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p> <p>&nbsp;</p>

Ведомствоның баспасөз қызметі жариялаған мәлімет бойынша инфекция жұқтырған 85 пациент стационарда, ал 1 562 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Осы дертке шалдыққан 13 адамның жағдайы ауыр, 1 пациенттің жағдайы өте ауыр, сондай-ақ 2 науқасқа ӨЖЖ аппараты жалғанған.

Айта кетейік, өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 5 адамнан анықталды.

Бөлісу:
Коронавирусқа шалдыққан 13 адамның жағдайы ауыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар