Оқиға
1 мин оқу 291

Алматыда ірі супермаркет өртенді

<p style="text-align: justify;">Түрксіб ауданында орналасқан супермаркет отқа оранды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p> <p>&nbsp;</p>

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 10:32 шамасында өрт сөндіру бөлімшелері Түрксіб ауданына қарасты Сүйінбай көшесі, 419а мекенжайы бойынша өрт туралы хабарламаға жоғары дәрежедегі шақыртумен шықты.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жетті. Олар екі қабатты «Huseinoff» супермаркетінің екінші қабаты мен шатыры ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары дереу адамдардың бар-жоғына барлау жүргізіп, өрт оқпандары енгізілді.

Оқиға орнында штаб орнатылып, 50-ден астам қызметкер және 15 техника, оның ішінде екі АЛ-32 метрлік өрт автосатысы жұмылдырылды», деп хабарлады ведомствадан.

Қабылданған шұғыл шараның арқасында өрт толық сөндірілді.

Қаза болғандар мен жараланғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:
Алматыда ірі супермаркет өртенді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар