Аймақтар
1 мин оқу 290

Маңғыстау облысында шаңды дауыл салдарынан жолдар жабылды

<p style="text-align: justify;">Маңғыстау өңірінде шаңды дауыл соғып, көрудің қиындауына байланысты жол қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;ҚазАвтоЖол&raquo; АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 647-712 шақырымында көліктерге жүруге тыйым салынды. Бұл Шетпе-Жетібай жол учаскесі», делінген хабарламада. Ауа райы қолайсыздығынан жол қозғалысына шектеу бүгін сағ.13:30-дан бастап (Нұр-Сұлтан уақытымен) енгізілді.

«Штаттан тыс жағдай туындаса, «ҚазАвтоЖолдың» бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталығына хабарласуға болады. Байланыс нөмірі - 1403», дейді аталған ведомстводан.

Бөлісу:
Маңғыстау облысында шаңды дауыл салдарынан жолдар жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар