Ауыр атлетика
1 мин оқу 370

Ауыр атлетикадан ӘЧ: Қазақстандық жасөспірімдердің жарыс кестесі белгілі болды

Грекияда жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылардың қатысуымен өтетін жарыс кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпионаты 2-10 мамыр аралығында Грекияның Ираклион қаласында өтеді. Онда ел құрамасынан сегіз спортшы бақ сынайды.

Ел құрамасынан жарыс жолына алғашқы болып Екатерина Алякина (55 келі) 3 мамыр күні шығады. Ол А тобында сынға түседі. Одан кейін 5 мамырда 73 келі салмақта F тобында ел құрамасынан Петр Хребтов мен Алексей Чуркин жүлделерді сарапқа салады.

Ал 6 мамырда 81 келіде А тобында Денис Полубояринов пен Егор Шерер жарыс жолына шығады. А тобында 7 мамырда Клим Басаргин (89 келі), 8 мамырда Сұлтан Мейрам (96 келі) сайысқа түседі.

Ел құрамасынан әлем чемпионатын Айсамал Сансызбаева (87 келіден жоғары) 10 мамырда А тобында түйіндейді.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 1975 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бөлісу:
Ауыр атлетикадан ӘЧ: Қазақстандық жасөспірімдердің жарыс кестесі белгілі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар