Қазақстан
1 мин оқу 546

Ынтымақтастығымыз нығая берсін

<p style="text-align: justify;">Біз бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымызға мың да бір алғыс айтуымыз керек. Заманымыз тыныш, береке-бірлігіміз жарасқан. Өзім Шығыс Қазақстан облысындағы Орыс мәдени орталығының белсендісімін.</p>

Ынтымақтастығымыз нығая берсін

Ресейдің Барнаул қаласында өнер академиясында оқығанмын. Содан бері шығармашылықпен айналысып келемін. Ән салып қана қоймаймын, орыстың ән өнерін де зерттеймін. Колледж қабырғасында жүр­­генде-ақ «Бастеньки» фольклор ансам­блінде өнер көрсеттім. Кейін «Родни­чок» балалар ансамблінде жетекші болдым. Кіш­кентай балдырғандарым республи­калық, халықаралық байқауларда топ жарды.

Әлі де ән өнерінен қол үзбейміз. Айтайын дегенім, көңіліміз тоқ, уайымымыз жоқ болып, әндетіп, би билеп жүре бергенімізге не жетсін?! Көпұлтты еліміз бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатырмыз. Әр ұлттың өнерін, салт-дәстүрін, тілін, ділін сыйлаймыз.

Алғаш Қазақстанда Достық үйі біз­де, Өскеменде ашылғаны есіміз­де. Сонда салтанатты іс-шараға да өзіміз де қатыстық. Сол кезде-ақ еліміздің бірлігі, біртұтас­тығы сезілген еді. Әр бірлестік мүше­лер­імен туысқандай болып араласып кет­тік. Қаншама іс-шара өткіздік?! Қазіргі таңда Достық үйі кеңейіп, қанатын кеңге сермеді. Қоғам­дық жұмыстарға жас­тар да тартылып жатыр. Осының бәрі бізді қуантады. Ұлттардың айрандай ұйып отырғандарына қарап қуанамыз. Осынау бірлігімізден, татулығымыздан айырылмайық. Кешегі елімізді есеңгіретіп кеткен кеселден сақтасын! Түрлі қақты­ғыс­тардан аулақ болайық! Еліміз мәңгі жасасын!

Анна Дёмина,

Орыс мәдени бірлестігінің белсендісі

Бөлісу:
Ынтымақтастығымыз нығая берсін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар