Қаржы
1 мин оқу 360

Доллар бағасы төмендеді

<p style="text-align: justify;">Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.</p>

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,98 теңгеге төмендеп, 441,64 теңге болды. Доллардың 30 сәуір мен 3 мамыр аралығындағы ресми бағамы - 446,38 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 443,15 теңге, ал сатылым - 446,25 теңге.

Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 440,44 теңгеден сатып алады, 444,50 теңгеден сатады.

Бөлісу:
Доллар бағасы төмендеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар