Әлем
1 мин оқу 303
Нигерияда ғимараттың опырылуынан 10 адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Нигерияның оңтүстік-батысындағы Лагос штатында үш қабатты ғимарат құлады. Қаза тапқан адамдар саны 10-ға жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы сейсенбіде мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің үйлестірушісі Ибрагим Фаринлое мәлімдеді. Оның айтуынша, 24 адам ауруханаға жатқызылған.
Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Қайтыс болғандар саны көбеюі мүмкін.
Еске сала кетсек, былтыр Лагос штатында салынып жатқан 21 қабатты ғимарат опырылып, 40-тан астам адам қаза тапқан болатын.
Бөлісу: