Теннис
1 мин оқу 200

Елена Рыбакина Мадрид турнирінің үшінші айналымына өтті

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина Мадрид WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Осы ірі доданың 16-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші кездесуін дүниежүзілік рейтингте 51-орында тұрған чехиялық Катерина Синяковамен өткізді.

Екеуі осыған дейін бес рет шеберлік байқасып, соның үшеуінде Елена жеңіске жеткен еді. Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Екінші сетте де Рыбакина 1:0 есебімен алға кеткеннен кейін чехиялық спортшы бәсекені жалғастырудан бас тартты. Елена небәрі 38 минутқа созылған матч барысында 3 эйс жасап, 6 брейктің тең жартысын пайдаланып үлгерді. Қазақстандық теннисші жүлде қоры 6,5 млн еуродан асатын жарыстың ширек финалына өту үшін әлемнің 35-ракеткасы, швейцариялық Хиль Белен Тайхманмен сайысқа түседі.

Бөлісу:
Елена Рыбакина Мадрид турнирінің үшінші айналымына өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар