Қоғам
1 мин оқу 250
Қазақстанда бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда соңғы аптада 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Бір апта ішінде 3266 қылмыс жасалды, оның 2033-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері 6 кісі өлтіруді, 7 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 38 тонау және 463 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын «ізін суытпай» ашқан», деді ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек министрлік ұйымдастырған брифингте.
Бөлісу: