Теннис
1 мин оқу 240

Александр Бублик Мадрид турнирінде ұтылып қалды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған сербиялық Миомир Кецмановичпен шеберлік байқасты. Бұған дейін қарсыластар өзара бір рет кездесіп, өткен жылдың қыркүйегінде елорда турнирінде Бублик 2:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңген еді.

Бұл жолы сербиялық спортшы брейк жасап, бірінші партияны өз есебіне жазды – 6:4. Кецманович екінші сетте де сол қарқынынан жаңылған жоқ – 7:5.

Бөлісу:
Александр Бублик Мадрид турнирінде ұтылып қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар