Президент
1 мин оқу 764
Сайлау жүйесіне өзгерістер енгізіледі
<p>Бүгінгі бейнеүндеуінде Мемлекет басшысы сайлау жүйесіне өзгерістер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Президент конституциялық реформа биліктің өкілді тармағын айтарлықтай күшейтетінін, сондай-ақ үйлесімді және теңгерімді жүйені нығайтып, мәслихаттардың ықпалын арттыратынын айтты.
«Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың аралас мажоритарлы-пропорционалды моделі енгізіледі. Бұл қадам сайлаушылардың көзқарастары мен пікірлерін барынша толық қамтуға мүмкіндік береді», деді Президент.
Бөлісу: