Руханият
1 мин оқу 300

Жас балдырғандар академикпен кездесті

<p style="text-align: justify;">Алматы қалалық &laquo;Шыңға өрлеу&raquo; әлеуметтік клубының Жетісу аудандық бөлімінде көрнекті ғалым, философия ғылымдарының докторы, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, КСРО Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қайраткері Досмұхамбет Кішібековпен кездесу өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Жас балдырғандар академикпен кездесті

Ғасырға жуық ғұмырында қазақ елінің басына келген нәубеттердің бәрінен аман өткен абыз қарияның ұрпаққа айтар өнегелі әңгімесі мол. Бұл ретте жасы 97-ге келген өзін қоршай отырғандар алты-тоғыз жасар балдырғандармен сөйлесіп, ақыл-кеңесін айтты.

Көпшілік назарына аталған клубтың тәлімгері Гүлзия Ауқашова ғылым ғана емес, соғыс және еңбек ардагерінің қайталанбас ғұмырнамасын тәрбиеленушілерге баяндап берді.

«Біздің халқымыз – әлемдегі ең өміршең, ойшыл да озық халық. Олардың бүкіл дүниетанымы, салты, дәстүрі, ұстанымы, тыныс-тіршілігі – философия. Сендердің осындай клубта өздеріңнің әжелеріңдей ұстаз-тәлімгерлерден тәлім алып жатқандарыңның өзі ұлттық сананың, ұлттық философияның жемісі», деді абыз.

Өз кезегінде балдырғандар да жамырай сұрақтарын қойды. Бұған тұшымды жауап алған оқушылар дән риза. Сондай-ақ олар ұстаздарына қосылып ән шырқап, күй шертті.

Кездесу соңында клуб тәрбиеленушілері өздерінің болашақта кім болатыны, қандай мамандықты, кәсіпті қалайтынын кезек-кезек орындарынан тұрып атап шықты да, ақсақалдан бата сұрады.

Қызыр сипатты қонағымыз айтқандай, енді бір жиырма жылдан кейін ел мен жердің бір-бір тұлғасы болатын балдырғандардың жүзі бал-бұл жанып, естелік суретке түсткеннен кейін, ғасыр атасын шығарып салды.

Гүлнар Кенжеғұлқызы,

Алматы қалалық «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының Жетісу бөлімінің меңгерушісі

Бөлісу:
Жас балдырғандар академикпен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар