Жаңалықтар
1 мин оқу 2,520

Сәтбаев ескерткіші ашылды

Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 115 жыл толу мерейтойына орай Сәтбаев қаласында ғалымның ескерткіші  бой көтерді. Қаныш Сәтпаев ескерткіші 02 Салтанатты жиында қала әкімі Әнуар Омар, «Жез­қаз­ғантүстімет» өндірістік бір­лестігінің бас директоры Саят Бәкіров, еңбек ардагері Яхия Асатов, академиктің немересі Әлима Жармағамбетова және т.б. адамдар құттықтау сөз сөйледі. Белгілі мүсінші, «Парасат» орде­нінің иегері Жаубасар Қалиев жасаған ғалымның қоладан құйылған негізгі мүсінінің биік­тігі – 4,4 метр болса, ал жалпы биіктігі 8 метр. Ескерткіш жер­гілікті бюджеттің қаржысына жасалып, салынды. Абдолла ДАСТАНОВ, Сәтбаев қалалық «Мысты өңір» газетінің редакторы.
Бөлісу:
Сәтбаев ескерткіші ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар