Әлем
1 мин оқу 292

Израильдің Эльад қаласында теракт болды

Израильдің Эльад қаласында теракт болып, кем дегенде үш адам қаза тапты және төртеуі жарақат алды. Екі адам аса ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Қаза тапқандардың барлығы - 40 жастан асқан ер адамдар. Зардап шеккендер арасында 23 жастағы жігіт бар. Ол лаңкестерді тоқтатпақшы болған. Екі қаскүнем оқиға орнынан қашып кеткен, олар адамдарға пышақпен және балтамен шабуыл жасаған.

Теракт Изарильдің Тәуелсіздік күні болды.

Айта кетейік, Израильде наурыз бен сәуірдегі террористік шабуыл салдарынан 16 адам қайтыс болды.

Бөлісу:
Израильдің Эльад қаласында теракт болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар