Үкімет
1 мин оқу 154

Комиссияның кезекті отырысы

<p style="text-align: justify;">Премьер-Министр Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, онда &laquo;Атамекен&raquo; ҰКП-ның мұнай өңдеу саласын реформалау жөніндегі ұсыныстары қаралды, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.</p>

Комиссияның кезекті отырысы

Энергетика министрі Болат Ақшолақов шағын мұнай өңдеу зауыттары шығаратын өнімнің сапасын арттыру үшін оларды техникалық реттеу талаптарын күшейтуді ұсынды.

Сондай-ақ ЕАЭО техникалық регламентіне сәйкес келмейтін мұ­най өнімдерін шығаратын ша­ғын МӨЗ-дерге салықтық және ке­дендік жеңілдіктерді алып тастау ұсынылды.

Мұнай өңдеу зауыттарынан ЖЖМ жөнелту кезінде теміржол қызметтерін көрсету тұрғысынан бағаның негізсіз өсуін және жекелеген компаниялардың бәсекесіз қызметін болдырмау үшін тариф­терді төмендету ұсынылды.

Сонымен қатар Премьер-Ми­нистр Энергетика минис­тр­лігіне субъек­тілердің шектеулі тобына жеңілдіктер ұсынбау (тегін сақ­тау) үшін нарықтың барлық қаты­сушысына МӨЗ-де мұнай өнімдерін сақтаудың бірыңғай регламентін әзірлеуді тапсырды.

Мұнай өңдеу зауыттарында негізсіз өндірістік шығындарды болдырмау мақсатында олардың бақылау және қауіпсіздік жүйе­леріне аудит жүргізу тапсырылды. «Бұл бағытта бүкіл техно­ло­гиялық процесті қамти отырып, бақы­лаудың цифрлық технологияларын енгізу қажет», деді Ә.Смайылов.

Жалпы Үкімет басшысы ай­тыл­ған ұсыныстарды қолдап, кей­біреуіне түзетулер енгізуді және оларды іске асыру мәсе­ле­лерін пысықтауды тапсырды.

Сондай-ақ сұйы­тылған газ нарығын, атап айтқанда, оның өнімін өнеркәсіптік қайта өңдеу­шілерге сату, тасымалдау және сақтау бойынша демонополизация­лау шаралары қаралды.

Премьер-Министр уәкілетті мем­лекеттік органдарға баға­лық сөз байласуға әкелетін жағ­дай­ларды анықтау жұмыстарын жүргізуді және осы салаға қажетті нарық тетіктері бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Бөлісу:
Комиссияның кезекті отырысы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар