Қоғам
2 мин оқу 493

Әскери кафедрадағы салтанатты жиын

<p style="text-align: justify;">Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығы, Отан қорғаушылар күніне және Екінші дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңіс күнінің 77 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.</p>

Әскери кафедрадағы салтанатты жиын

Университет ректоры Ерлан Сыдықов жастарға арнаған сөзінде кафедраның қазіргі студенттері Отан­ға адал қызмет етіп, осы салада белгілі бір биіктерге жететініне сенім білдірді.

«Жолдауда Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді қолдауға ерекше назар аударды. Сіздер тұтас стратегиялық саланың дамуына өз үлес­теріңізді қосатындарыңызға се­немін», деп атап өтті Ерлан Батташұлы.

Әскери кафедра меңгерушісі, генерал-майор Еділ Оразов қа­тысу­шыларды келе жатқан ме­реке­лермен құттықтап, Екінші дү­ние­жүзілік соғыстағы майдангер ата-апаларымыздың ерлігі ұмыт қалмайтынын атап өтті. «Олардың соғыс кезінде жасаған ерліктері, жас ұрпаққа мәңгілік естелік және үлгі», деді генерал-майор.

Сондай-ақ кафедра меңгерушісі Еуразия ұлттық университеті әске­ри кафедрасының дамуы туралы айтып берді. «Біздің кафед­рада ел алдындағы борышын абы­­рой­мен атқарып келе жатқан және ал­дыңғы ұрпақтың ісін жал­ғас­тырып жатқан ұрпақ аз емес. Кафедра қызметкерлері студент­терге жоғары интеллектуалдық және кәсіби деңгейде дәріс оқиды. Бай кәсіби тәжірибесінің арқасында олар білім алушыларға әскери-пат­риоттық тәрбие беруде», деп атап өтті ол.

Бұрын Еуразия ұлттық универ­си­тетінің әскери кафедра­сын бас­қар­ған генерал-майор Уәли Ела­манов та салтанатты іс-шара­ға қатысушыларға өз тілегін арна­ды. «Мен Еуразия ұлттық универ­си­тетінің әскери кафедрасы студент­тер­ді жоғары сапалы даярлайты­нын білемін. Олардың ішкі рухы, дайын­дық­тары әскери істерге қатысты әскери мектептердің курсанттарынан еш кем түспейтінін айта кету керек», деді ол.

Сахна төрінен әскери кафедра тәрбиеленушілеріне Л.Н.Гумилев атын­дағы ЕҰУ Ардагерлер кеңесі­нің төрағасы Күлзира Ысқақова, Нұр-Сұлтан қаласының «Жас сарбаз» қозғалысының өкілі Әділхан Махан­бет және басқалар сөз сөй­леді.

Салтанатты жиын аясында кафедра қызметкерлері мен сту­дент­терді Қорғаныс министрі мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректо­ры­ның грамоталарымен марапаттау рәсімі өтіп, іс-шара ме­рекелік концертпен аяқталды.

Айта кету керек, жиырма жыл ішінде әскери кафедра бес мыңнан астам маман даярласа, олардың 400-і Қарулы Күштер қатарына шақырылған. Бүгінгі таңда 45 адам­нан тұратын кафедраның профессорлық-оқытушылық құ­ра­мы мыңға жуық студентті оқытады.

Бөлісу:
Әскери кафедрадағы салтанатты жиын · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар