Теннис
1 мин оқу 131

Жасөспірімдер рейтингі де жаңарды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Tennis Europe ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турниріне орай балғын теннисшілердің жаңартылған рейтингін жариялады.</p>

Жасөспірімдер рейтингі де жаңарды

ҚТФ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 14 жасқа дейінгі теннисшілер арасында жерлесіміз Заңғар Нұрланұлы әдеттегідей көш бастап келеді. Оның еншісінде 520 ұпай бар. Жал­пыеуропалық рей­тинг­те Заңғар 4-орында тұр. Сондай-ақ Дамир Жал­ғасбай мен Даниэль Таза­беков өз көрсеткіштерін жақсартты. Даниэль 37-ші, Дамир 39-сатыға көтерілді. Жуырда Үндістанда 14 жас­қа дейінгілер арасында Азия/Тынық мұхит аймағы бойынша өткен әлем чемпионатының іріктеу турнирінде осы теннисшілер 3-орынға ие болып, Қазақ­стан жасөспірімдер құра­масын тұңғыш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығарған еді.

Сонымен қатар Халық­аралық теннис федерация­сы да 18 жасқа дейінгі теннисшілердің рейтингін жаңартты. Мұнда үздік 100 теннисшінің қатарында Қазақстанның екі өкілі бар. Бірі – Максим Батютенко (72-орын), екіншісі – Ару­жан Сағындықова (77).

Бөлісу:
Жасөспірімдер рейтингі де жаңарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар