Әкімдік ғимаратынан ер адам құлап кетті
<p style="text-align: justify;">Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 мамыр күні шамамен сағат 16.40-та Астана көшесі, 52 мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратта ЖШС-ның бірінде 22 жастағы кондиционер орнатушысы жұмыс барысында терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. </p>

«Жұмыс барысында терезеден құлаған ер адам дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды», делінген хабарламада.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1999 жылы туған азамат жедел жәрдеммен Ақсу орталық ауруханасына жеткізілген.
«Бассүйек-ми жарақатының жабық жарақаты, мидың шайқалуы анықталды, маңдай аймағы мен мұрны, оң қолы сыдырылған. Оң жақта 1,11,12-қабырғасының жабық сынуы, өкпе жарақаты, екі жақты жамбас сүйектерінің сынуы, іштің өткір жарақаты және басқа да бірнеше жарақат тіркелген. Сондай-ақ бірінші дәрежелі травматикалық шок алған», деп жазылған хабарламада.
Жағдайының ауырлығына байланысты анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылған.