Қазақстанда тұрғын үй бағасы 27,7%-ға қымбаттады
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Елімізде тұрғын үй бағасы бес жыл қатарынан қымбаттап келеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
«Тұрғын үй бағасы өсіп келеді. Бағаның төмендеуі 2016 жылы ғана тіркелді. Ол кезде жаңа тұрғын үй 3,6%-ға арзандады. 2017 жылы қайта сату нарығындағы шаршы метрдің бағасы 1,6%-ға төмендеді», делінген ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінде.
Өткен жылғы сәуір мен биылғы жылғы сәуір аралығында пәтерлерді қайта сату бағасы – 27,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату құны 20,3% қымбаттады. Ал абаттандырылған баспананы жалға алу төлемі 22,2% көтерілді.
Бір айдың ішінде қайта сатуға қойылған баспана құны 1,8% өсіп, шаршы метріне 459 137 теңгені құрады.
Жаңа тұрғын үйді сату және абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі сәуірде 0,8% жоғарылады.