Елордада жеңіл атлетикалық эстафета өтеді
<p style="text-align: justify;">7 мамырда Нұр-Сұлтанда Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арналған жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында жеңіл атлетикалық эстафета өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
Эстафетаны өткізуге байланысты Жеңіс даңғылы мен Бигелдинов көшесінің қиылысы (Қаржы министрлігі), Әлия Молдағұлова көшесі, Бейбітшілік көшесі мен Отырар көшесіне дейін сағат 10.30-дан 12.00-ге дейін жабылады.
Жоғарыда аталған көшелер кезең-кезеңмен ашылады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін өз маршруттарыңызды алдын ала жоспарлап, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», делінген хабарламада.