Жаңалықтар
1 мин оқу 325

Елбасының құттықтауы тапсырылды

Қазақстанның Германиядағы елшісі Нұрлан Онжанов осы ел­дің бұрынғы канцлері Герхард Шре­дермен кездесіп, Президент Нұр­сұл­тан Назарбаевтың неміс саясат­керінің жетпіс жасқа толған мерейтойымен құттықтауын тапсырды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Жүздесу барысында казақ­стандық дипломат Герхард Шредердің екіжақты ынтымақ­тас­тықты кеңейту мен терең­детуге салмақты үлес қос­қа­нын, оның арқасында екі ел ара­сында көпжақты өзара тиім­ді қатынастардың негізі салын­ғанын атап өтті. Өз кезегінде неміс саясаткері Елбасының құттықтауларын алғыс сезіммен қабылдап, Қа­­зақстанға және оның бас­шысына аман-саулық пен толағай табыс­тар тіледі. Ол елімізге жасаған са­пары мен Қазақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаевпен болған сенімді және ашық сұхбатты еске алды. Герхард Шредер қа­зақ-герман саяси үнқатысуын одан әрі нығайтуға және сауда-эконо­микалық қатынастарды кеңейтуге қолынан келгенше жәрдемдесуге ниетті екенін жеткізді.
Бөлісу:
Елбасының құттықтауы тапсырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар