Білім
1 мин оқу 540

«Болашақ» бағдарламасының стипендиясы өседі

<p style="text-align: justify;">&laquo;Болашақ&raquo; бағдарламасымен Нью-Йорк пен Лондонда оқитын қазақстандықтар ай сайын 2 мың доллардан асатын стипендия алады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;орталықтың баспасөз <a href="https://bolashak.gov.kz/kz/allnews/halyaraly-badarlamalar-ortalyy-aitu-career-expo-2022-krmesine-atysty">қызметіне </a>сілтеме жасап хабарлайды.</p>

«Болашақ» бағдарламасы аясында қазақстандықтар магистратура, докторантура, резидентурада бағдарламалары бойынша білім алып, ғылыми тағылымдамадан өте алады.

«Болашақ» бағдарламасының шарттарына сәйкес мемлекет студенттерге оқу ақысын, екі жаққа ұшып қайтуды, сондай-ақ визалық алымдарды, медициналық сақтандыруды, ай сайынғы стипендияны және оқу материалдарын сатып алу үшін жәрдемақы төлейді. Стипендия мөлшері белгілі бір елдегі қалаға және өмір сүру деңгейіне байланысты өзгереді. Мысалы, Нью-Йорк пен Лондонда ай сайынғы стипендия 2 мың АҚШ долларынан асады», делінген білім орталығының хабарламасында.

Бөлісу:
«Болашақ» бағдарламасының стипендиясы өседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар