Коронавирус
1 мин оқу 233

Коронавирусқа қарсы екпе алғандар 10 миллионға жақындады

<p style="text-align: justify;">Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 489 564 адам, екінші компонентін 9 254 951 адам салдырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ведомствоаралық комиссияның баспасөз қызметі жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау барысында мәлімдеді.

«Биылғы 7 мамырда Pfizer вакцинасының бірінші дозасын 1 095 335 тұрғын, екінші дозасын 953 900 тұрғын қабылдады. Оның ішінде бірінші компонентімен 833 949 жасөспірім, 38 718 жүкті әйел, 137 699 бала емізетін ана қамтылды. Екінші компанентін жасөспірімдерден – 767 991-і, жүкті әйелдер – 34 039-ы, бала емізетін аналардан 123 717-сі алды», - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Коронавирусқа қарсы екпе алғандар 10 миллионға жақындады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар