Президент
1 мин оқу 350

9 мамырдың төл тарихымыздағы орны ерекше – Президент

<p class="Text_root__k3x6F Text_size_md__1RW_V Text_tablet-size_lg__2cbbL Text_lineHeight_lg__3livc Text_tablet-lineHeight_sm__3Yyr6 Text_color_black__GPxvg Text_bold__2rCkP" style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

9 мамырдың төл тарихымыздағы орны ерекше – Президент

«Қымбатты отандастар! Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! 9 мамырдың төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл – жанқиярлықпен ел қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің, әжелеріміз бен аналарымыздың рухына тағзым ететін күн. Бұл – фашизмді жеңген ерлердің ерен ерлігін жадымызда жаңғыртатын күн. Сұрапыл соғыста халқымыз күш-жігерін сарп етіп, орасан зор шығынға ұшырады. Майдангерлердің қаһармандығы мен қайсарлығының, тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында жеңіске жеттік. Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды мәңгі есте сақтау – қасиетті борышымыз»,  деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент қан майданның қияметін басынан өткерген ардақты аға буынның қатары жыл өткен сайын сирей түскеніне өкініш білдірді.

«Қазақстанда Жеңістің 77 жылдығын небәрі 376 ардагер, 68 347 тыл еңбеккері ғана қарсы алып отыр. Еліміздің барша азаматтары өздеріңізге бас иеді. Мемлекет соғыс ардагерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Олар қоғамымыздың да құрметін көріп, қамқорлығына бөленуге тиіс.    Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Жеңіс күні құтты болсын!»,  делінген Президенттің құттықтауында.

Бөлісу:
9 мамырдың төл тарихымыздағы орны ерекше – Президент · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар