Елорда
1 мин оқу 400

Елордада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады

<p style="text-align: justify;">Елордада Жеңістің 77 жылдығына орай демеушілердің қаржысына ұйымдастырылған мерекелік отшашу болады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;елорданың ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Елордада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады

Отшашу бүгін, 9 мамыр күні сағат 22:00-де Есіл өзенінің жағалауынан басталады.

Отшашу ұзақтығы 10-12 минутты құрайды, ал атыс саны кемінде 3 мың. Айта кетейік, сондай-ақ қала тұрғындары үшін концерт, қойылым түріндегі түрлі онлайн және офлайн іс-шаралар ұйымдастырылған.

Сонымен қатар 9 мамыр күні Студенттер саябағында ардагерлер мен қала тұрғындарына арналған концерт өтеді. Мерекелік концертте сүйікті әндерді тыңдауға болады, ол сағат 14:00-ге дейін болады.

Сондай-ақ бүгін Қазақстандық ҰОС ардагерлерін еске алуға және Жеңіс күніне арналған «Жеңімпаздар. Батырларға тағзым» онлайн-акция өтеді.

Бұдан бөлек, Жеңіс күнін мерекелеу күндері соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, қоғамдық және жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарында жараланып қайтыс болған жауынгерлердің қабіріне «Отан ана» монументіне және соғыс батырлары – Талғат Бегелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және басқаларлың ескерткіштеріне гүл, «Даңқ» гирляндаларын қою рәсімдері дәстүрлі түрде өтеді.

9 мамырда «Солдатский котелок» ертегісін көрсететін қуыршақ театрына баруға болады, ал 10 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Жеңіс күніне арналған «Біз Жеңістің ұрпағымыз!» атты лекцияға қосылуға шақырады.

Астаналық цирк мереке құрметіне көрермендер үшін арнайы цирк бағдарламасын дайындады.

Аяна Тоғанбек

Бөлісу:
Елордада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар