Хоккей
1 мин оқу 330

Хоккейден Қазақстан құрамасы Латвия командасымен екінші матч өткізеді

<p style="text-align: justify;">Бүгін Қазақстан құрамасы Финляндияда хоккейден 2022 жылғы Әлем чемпионатына дайындық аясында Латвия командасымен екінші жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Sports.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Хоккейден Қазақстан құрамасы Латвия командасымен екінші матч өткізеді

Латвия-Қазақстан ойынының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:30-да басталады.

Латвия мен Қазақстан құрамалары арасындағы бірінші жолдастық матч 8 мамырда өткен болатын. Бұл матч 0:5 есебімен қазақстандықтардың жеңілісімен аяқталған еді. Латвиялықтардан Николай Елисеев (11 және 15-минутта), Карлис Чуксте (13-минутта), Оскарс Батня (26-минутта) және Андрис Джериньш (60-минутта) шайба соқты.

13-29 мамыр аралығында Хельсинки мен Тампереде (Финляндия) хоккейден ӘЧ-22 өтеді. Қазақстан құрамасы А тобында Канада, Германия, Швейцария, Словакия, Дания, Франция және Италия командаларымен ойнайды. Ел құрамасы турнирдегі өзінің алғашқы матчын 14 мамыр күні Дания құрамасымен өткізеді.

Аяна Тоғанбек

Бөлісу:
Хоккейден Қазақстан құрамасы Латвия командасымен екінші матч өткізеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар