Сурдлимпиада ойындарында қазақстандық споршылар екі медальға қол жеткізді
<p style="text-align: justify;">XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жетінші жарыс күнінде қазақстандық спортышлар күміс және қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жеңіл атлетикадан ел намысын қорғаған қазақстандық Ольга Хижнякова ядро лақтырудан күміс жүлдеге ие болды. Бұл Қазақстан үшін жеңіл атлетикадан алғашқы медаль.
Ерлер арасында таеквондодан өткен сында қазақстандық Виктор Фрундин +80 кг салмақта қола жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ, әйелдер арасында таеквондошы Аида Мақатова 67 кг салмақта сынға түсіп, үздік бестіктен көрінді.
Жазғы Сурдлимпиада ойындары Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтуде. Оған әлемнің 100 елінен келген 4 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр.
Аяна Тоғанбек