Ауа райы
1 мин оқу 530
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 12-14 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Батыс циклоны мен атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен республиканың көп бөлігінде жаңбыр жауады. Нақтылап айтқанда, батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 14 мамырға жақын — елдің солтүстігінде және орталығында жаңбыр болады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі күтіледі. Ал оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл соғады», делінген хабарламада.
Бөлісу: