Оқиға
1 мин оқу 400
Павлодарда 84 жастағы қария көпқабатты үйден құлап кетті
<p style="text-align: justify;">Павлодарда 84 жастағы қария төртінші қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </p>
«9 мамыр күні сағат 02:50-де Павлодар қаласындағы Павлов көшесіндегі үйдің жанынан 84 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Ол өзінің төртінші қабатта орналасқан үйінің терезесінен құлап кеткен», делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Экспертиза тағайындалды.
Бөлісу: