Қаржы
1 мин оқу 555

Доллар 7 теңгеге қымбаттады

<p style="text-align: justify;">Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.</p>

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 7,03 теңгеге көтеріліп, 442,61 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 7-11 мамырдағы ресми бағамы - 434,47 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 441,89 теңге, сатылым - 445,50 теңге.
 
Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 441,81 теңгеден сатып алынып, 444,75 теңгеден сатылып жатыр.
Бөлісу:
Доллар 7 теңгеге қымбаттады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар