Аймақтар
1 мин оқу 670

Өскеменде жол апатынан бір адам қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Өскемен қаласында екі көлік соқтығысты. Апат салдарынан 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, жол-көлік оқиғасы Өскемендегі Сәтпаев даңғылында орын алған.

«ВАЗ-2106» және «Toyota» маркалы көліктер соқтығысты. «ВАЗ-2106» көлігін тізгіндеп келе жатқан ер адам қарсы жолаққа шығып кетіп, «Toyota» көлігіне соғылды. 55 жастағы «ВАЗ-2106» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бөлісу: