Оқиға
1 мин оқу 660

Елордада баланы құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа үш бөлмелі пәтер берілді

<p style="text-align: justify;">Сегізінші қабаттың терезесінен құла жаздаған қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа үш бөлмелі пәтер табысталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сәбит Шонтақпаев өзіне үй сыйлаған «G-Park» компаниясының басшылығына шексіз алғысын білдірді.

«Бұлай болады деп ешкім ойламаған. G-Park компаниясының директоры Ғабит мырзаға алғысым шексіз. Осы астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер сыйлап жатыр. Рахмет!», деді ол.

Сәбит Шонтақбаев бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің қабылдауында да болды.

ТЖМ бірінші вице-министрі, генерал-майор Ибрагим Құлшымбаев батыр азаматты «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Бөлісу:
Елордада баланы құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа үш бөлмелі пәтер берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар