Аймақтар
1 мин оқу 580

Батагөйлер байқауы

<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысының Қазалы ауданында &laquo;Ақ тілеуі атаның, орны бөлек батаның&raquo; атты батагөйлер байқауы өтті. Ұлттық құндылық ұлықталған сайыста қариялар төгілдіріп бата берді.</p>

Батагөйлер байқауы

Ұлы Отан соғысының арда­гер­лері Түрікпен Мұсабаев пен Ағжап Өтемұратовтардың 110 жылдығына орай ұйымдас­ты­рылған байқауда ас қайыру батасынан бастап Наурызға, жас жұ­байларға, сапарға шыққан жо­лаушыға берілетін баталарды жұртшылық ықыласпен тың­дады.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ұлттық салт-дәстүрді ұлықтауға арналған бұл бастаманың жастарға берер өнегесі мен тәлім­дік мәні өте жоғары екендігіне тоқталды.

Байқауда қоғам қайраткері Қуанышбай Төлебаев, байқаудың ұйымдастырушысы Нәжмадин Мұсабаев сөз сөйлеп, іс-шара­ның елді ізгілікке, бірлікке шақы­ру­дағы  маңызын айтып өтті. 

Жарыс нәтижесі бойынша бас жүлдені Сырдария ауданынан келген Әлімхан Баһадүров жеңіп алды.

Қызылорда

Бөлісу:
Батагөйлер байқауы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар