Қытайда жолаушылар ұшағы өртенді
<p style="text-align: justify;">Қытайдың оңтүстік-батысында жолаушылар отырған ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртеніп кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz </a>Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.</p>
Оқиға бейсенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 08.00-де болған. Tibet Airlines қытайлық әуекомпаниясының A319 әуелайнерінде 122 адам отырған. Ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, Чунцин әуежайының маңында өртеніп кетті.
Барлық 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі қауіпсіз жерге шығарылды. Жарақат алған 40-тан астам жолаушы ем алу үшін қалалық ауруханаларға жеткізілді. Қазіргі уақытта Чунцин Цзянбей халықаралық әуежайында ұшу-қону рейстері қалыпты жағдайға оралды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.