Теннис
1 мин оқу 190

Юлия Путинцева Римде әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасын ұтты

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық, әлемнің 40-ракеткасы Юлия Путинцева Рим WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің бұрынғы бірінші, қазіргі 10-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің екі мәрте жеңімпазы, испаниялық Гарбинье Мугурусамен шеберлік байқасты.

Бұған дейін қарсыластар өзара екі рет кездесіп, испаниялық теннисші басым түскен болатын. Бұл жолы бірінші партияда Г.Мугуруса басымдық танытты – 6:3.

Екінші сетте испаниялық спортшы матчқа доп бергенде, Ю.Путинцева қайрат таныта алды – 5:5. Сосын тай-брейкте таразы басын аудара білді – 7:6 (7:4). Үшінші, шешуші партияда қазақстандық теннисші қарқынын тіпті үдетті – 6:1.

Екі сағат 17 минутқа созылған матч барысында Ю.Путинцева 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 3 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Ю.Путинцева жүлде қоры 2,5 млн еуродан асатын жарыстың ширек финалына шығу үшін әлемнің 7-ракеткасы, Тунис өкілі Онс Жабермен таласады.

Өткен аптада дәл осындай Мадрид додасының жеңімпазы атанған О.Жабер Римде екінші айналымда аустралиялық Айла Томляновичті 7:5, 6:2 есебімен ұтты.

Елена Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы швейцариялық Хиль Белен Тайхманмен кортқа шығады. Мадрид жарысында Е.Рыбакина осы теннисшіден жеңіліп қалған болатын.

Бөлісу:
Юлия Путинцева Римде әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасын ұтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар