Қазақстан
1 мин оқу 610
Қазақстан аумағында 4,5 балдық жер сілкінісі болды
<p style="text-align: justify;">ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 12 мамыр күні Алматы уақытымен 13 сағат 28 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 199 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9, магнитудасы – 4,5.
Жерасты дүмпуі 20 шақырым тереңдікте болған.
МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.
Аяна Тоғанбек
Бөлісу: