Теннис
1 мин оқу 181

Шымкентте Challenger 80 турнирі өтіп жатыр

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Денис Евсеев Шымкент Challenger 80 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Әлемнің 337-ракеткасы Евсеев бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 416-орында тұрған үндістандық Сасикумар Мукундпен өткізді. Қазақстандық теннисші 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 38 минутқа созылды. Денис 3 эйспен бірге 20 брейк-пойнттың алтауын пайдалана алды. Қарсыласы 4 брейкпен көзге түсті. Д. Евсеев ширек финалға шығу үшін әлемнің 286-ыншы, осы жарыстың 7-ракеткасы, ресейлік Евгений Карловскиймен таласады.

Өкінішке қарай, басқа қазақстандық теннисшілер жарыс жолынан шығып қалды.

Бөлісу:
Шымкентте Challenger 80 турнирі өтіп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар