Теннис
1 мин оқу 171

Андрей Голубев Рим турнирінің ширек финалына шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның жұптық сында бірінші ракеткасы Андрей Голубев Рим мастерс турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстандық теннисші аргентиналық Максимо Гонсалеспен бірге екінші айналымда аустралиялықтар Мэттью Эбден – Макс Перселмен күш сынасты.

Аустралиялық жұп алғашқы айналымда грузиялық Николоз Басилашвили – тағы бір қазақстандық Александр Бубликті 6:4, 6:1 есебімен жолдан тайдырған болатын.

Бұл жолы бірінші партияда қазақстандық-аргентиналық жұп 6:3 есебімен басым түсті. Олар екінші сетте де сол қарқынынын жаңылған жоқ – 6:4.

Бір сағат 20 минутқа созылған матч барысында А.Голубев пен М.Гонсалес 1 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.

А.Голубев пен М.Гонсалес Рим жарысының жартылай финалына шығу үшін уругвайлық Ариэль Бехар – эквадорлық Гонсало Эскобармен таласады.

Бөлісу:
Андрей Голубев Рим турнирінің ширек финалына шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар