Референдум
1 мин оқу 287

Оқыту семинарын өткізді

<p style="text-align: justify;">2022 жылғы 12 мамырда Орталық референдум комиссиясы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесе отырып, республикалық референдумға дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне арналған оқыту семинарын өткізді.</p>

Оқыту семинарын өткізді

2022 жылғы 12 мамырда Орталық референдум комиссиясы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, онлайн режімінде қоғамдық бірлестіктер өкілдеріне арналған оқыту семинарын өткізді. Жиынға 300 адам қатысты.

Іс-шара барысында 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум туралы, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы, респуб­ли­калық референдумды дайындау мен өткізу, қаржыландыру, үгіт, элек­тораттық оқытуды ұйым­дас­тыру, дауыс беруді байқау про­цесінің ерекшеліктері, сон­дай-ақ референдум туралы заң­наманы бұзғаны үшін жауап­кер­шілік мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.

Семинардың спикерлері ре­тінде Орталық референдум комис­­­­сиясы тарапынан ҚР ОРК Төр­ағасының орынбасары Конс­­тантин Петров, ОРК мүше­лері Сабила Мұстафина, Анастасия Щегор­цова және Асыл­бек Сма­ғұлов сөз сөйледі.

Сондай-ақ семинарда Әділет вице-министрі Алма Мұқанова, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Кәдіров, Бас прокурордың аға көмекшісі Азамат Сарғазин, АҚДМ Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Қаныбек Жұмашев сөз сөй­леді.

Семинар аясында өңірлермен бейнеконференция байланысы және «Азаматтық бастамалар орталығы» YouTube арнасында келесі сілтеме бойынша онлайн көрсетілім ұйымдастырылды.

Семинар соңында Орталық референдум комиссиясының және уәкілетті мемлекеттік ор­ган­дардың өкілдері семинарға қаты­сушылардың сұрақтарына толыққанды жауап берді.

Орталық референдум комис­сиясының электораттық оқыту аясындағы бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларына арналған келесі семинары 2022 жылғы 13 мамырда өтетін болады.

Бөлісу:
Оқыту семинарын өткізді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар