Бизнес
2 мин оқу 14,700

Бизнес үшін білім керек пе?

<p style="text-align: justify;">2022 жылы елімізде жоғары білімі бар кәсіпкерлер үлесі 61,3 пайыз&shy;ды құ&shy;рапты. Бұл &ndash; 2021 жылмен са&shy;лыс&shy;&shy;тыр&shy;ғанда 12,7 пайызға төмен. Solva компаниясы жүргіз&shy;ген арнайы зерт&shy;теу&shy;ге қатысқан кәсіпкерлердің көбі бизнес жүргізу үшін білім аса қажет емес деп ойлайтындарын айтқан.</p>

Бизнес үшін білім керек пе?

Зерттеуге 12 мың респондент қатысқан. Оның ішінде шағын және орта бизнес өкілдері де, жеке кәсіпкерлер де, ірі компания өкілдері де бар. Қатысушылардың 55 пайызы 35-40 жас аралығындағы азаматтар болса, 23 пайызын 20-25 жас­тағы кәсіпкерлер құрайды. 45-50 жас аралы­ғын­дағы аға буынның үлесі 12 пайызға жетеғабыл. Ал жасы 55-тен асып кеткен кәсіпкерлердің үлесі 10 пайыз екен.

Олардың 61,3 пайызында жоғары білім болса, 14 пайызы арнаулы орта біліммен шектелген, 3 пайызында аяқталмаған жоғары білім бар. Өзгелерінде арнаулы білім де, жоғары білім де жоқ. Тиісінше, жастар (20-25 жас аралығындағылар) кәсіп тізгінін ұстау үшін университетте оқу міндетті емес деген ұстанымда. Олар арнайы білім алмай, Instagram мен TikTok желілерін пайдаланып-ақ кәсіптерін дөң­гелете алатынын жеткізген. Ал 25 пайы­зы білім бәрібір қажет деген пікірде. Бірақ солай ойлайтындардың өзі алған білім­дері­мен кәсіп атқармайды. Демек олар жоғары білімсіз де бизнесте табысты бола алаты­нын дәлелдеген жандар.

30-45 жас аралығындағы респондент­тер­дің пікіріне қарағанда, кәсіпкерлік қыз­метті алып жүру үшін білім қажет. Сауал­­дамаға қатысқандардың 20 пайызы семинар, шеберлік сыныбы, өзге де кәсіпке қатысты курстарды жібермей баратындар тобынан болып шыққан. Олар қосымша білімге аямай ақша төлеп, сол арқылы бизнестегі қабі­леттерін жетілдіре түсуді көздейді. Білім қажет деушілер жоғары білім алған аза­мат­тар кез келген қосымша ақпаратты тез сіңі­реді, көзі ашық болады, қоғамдық процестерде жедел бой үйретеді деп санайды.

Зерттеуге қатысушылар неліктен бизнеске келгендерін де айтқан. Олардың 30 пайызы – жоғары табысты болу үшін биз­неске келсе, 25 пайызы – басшылыққа тәуелді болмас үшін, 24 пайызы – өз-өздерін дамыту мақсатында, 15 пайызы – отбасы мен денсаулығына көңіл бөлу қамымен, 5 пайызы – белсенділігін қоғам мойын­дау үшін, 1 пайызы – өмірлік қажет­тілігіне орай бизнес жолын таңдаған.

Бөлісу:
Бизнес үшін білім керек пе? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар